Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Атадан туған ардақты ер» атты тұлғатану сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жазушы Бейімбет Майлиннің өмірбаянымен, балалық шағы мен еңбек жолдары, әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңнен бастағаны және қазақ поэзиясының дамуына лайықты үлесін қосқаны, оның поэзия, проза, драматургия жанрларында жазған шығармалары тұнып тұрған шындық екені жайлы атап айтып, жазушының «Шұғаның белгісі», «Қызыл жалау», «Азамат Азаматыч», «Тартыс», «Ауыл» атты кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді.
Шараға Мойнақ ауылының №23 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысып, жазушынының туындыларына қанық болып, терең ой түйді.
|